Негізгі бет

     «Орал» ауданаралық  туберкулезге  қарсы ауруханасы» ММ-сі  Орал қаласы мен облыс  халқына туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруға арналған бейінді денсаулық сақтау мекемесі болып табылады. Бұл мекеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі №221 «Ауданаралық туберкулезге қарсы аурухана жөніндегі ережені  бекіту туралы» бұйрығының және Батыс Қазақстан облысы әкімінің  2009 жылғы 23 қыркүйектегі №238 қаулысының негізінде ашылды. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының  2009 жылғы 27 қазандағы №1127 бұйрығының негізінде симптоматикалық емдеуге арналған 60 кереует және ықтиярсыз емдеуге арналған 20 кереует ұйымдастырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  2010 жылғы 23 сәуірдегі №416 бұйрығымен  туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын «Г» тобындағы

 ДБ  науқастарды симптоматикалық  емдеуге арналған  кереует 60-тан 80 кереуетке дейін ұлғайтылды, емделуден бас тартатын бактерия шығаратын науқастарды  ықтиярсыз емдеуге 20 кереует, барлығы 100 кереует  болып ұйымдастырылды.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1376 бұйрығының негізінде  80 кереует симптоматикалық емдеуге, оның 10 кереуеті кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратындар үшін және 40 кереует ықтиярсыз емдеуге арналып жабдықталды.

   Аурухана екі бөлімшеден:  симптоматикалық  емдеуге арналған  және  емделуден бас тартатын бактерия шығаратын науқастарды  сот шешімімен  ықтиярсыз емдеуге арналған бөлімшелерден тұрады.Аурухана территориясында әкімшілік корпусы, монша-кір жуу кешені, тамақ блогы, шаруашылық корпустары бар.Аурухана науқастарды тексеру және емдеуді жүргізуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар тіс дәрігері кабинеті, орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімі, дәріхана бар.

«Орал» ауданаралық  туберкулезге  қарсы ауруханасы» ММ-сі  ұжымында 101 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың ішінде 5 дәрігер бар: 1 дәрігер- жоғарғы санатты, 4дәрігер- 1 санатты. Орта медициналық қызметкер саны-29, олардың ішінде 10 адам жоғарғы санатты,10 медбике -1 санатты, 4 медбике – 2 санатты.

«Орал» ауданаралық  туберкулезге  қарсы ауруханасы» ММ-сі  Орал қаласынан 30 километр қашықтықта Орал қаласы, Кумыска 20  мекен-жайы бойынша орналасқан. Қатынасу : №16 қалалық маршруты автобусымен (соңғы  аялдама)

25 лет Независимости Казахстана

EXPO2017

Стратегия Казахстан 2050

ҚР Президентінің ресми сайты

Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы

ҚР Мемлекеттік Рәміздері

Алтын сапа

Алтын сапа

Жилстройсбербанк

Әділет

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасы